Мыңдаған гектар аумақты күлге айналдырған Балқаштағы өрт сөндірілді

Айнель Аянова

Төтенше жағдайлар министрлігі «Іле-Балқаш» резерватындағы өрт сөндірілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

видеодан кадр

Ведомство мәліметінше, өрт 9 шілдеде сағат 18.10-да өрт оқшауланып, 10 шілдеде сағат 11-24-те сөндірілген.

Оқиғаның салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Өртті «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғат резерваты» мекемесі және Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 26 адамы және 13 техникасы, оның ішінде мотопомпаларын, жүзу құралдарын пайдалана отырып сөндірді»,-делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Балқашта бірнеше күннен бері өрт тұтанып жатқаны 25 маусымда белгілі болды.

Бұдан бұрын резерваттағы өрт кезінде 10 мың гектардан астам аумақ жанып кеткенін хабарлағанбыз.