Швециядағы акцияда тағы діни кітаптарды өртемек

Ulysmedia

Швеция полициясы 15 шілдеде Израиль елшілігінің маңында Таурат пен Інжілді өртеген митингі өткізуге рұқсат берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ақпарат агенттігі Sveriges Radio-ға сілтеме жасап.

Ашық дереккөз

Акция өткізуге 30 жастағы ер адам өтініш білдірген. Ол манифест Стокгольмдегі мешіт жанында Құранның өртелуіне жауап және сөз бостандығы үшін жиын болатынын баса айтқан.

Times of Israel газетінің хабарлауынша, Израиль шенеуніктері Швеция үкіметін бұл әрекетті тоқтатуға шақырып, "Мен Швецияның қасиетті кітаптарды өртеуге рұқсатын сөзсіз айыптаймын. Біз дүние жүзіндегі мұсылмандар үшін қасиетті Құранның өртелуін айыптаймыз, енді еврей халқының мәңгілік кітабы болған еврей Библиясын да дәл осындай жағдай күтіп тұрғанына жүрегіміз ауырады. <…> Бүкіл әлем бірігіп, бұл жиіркенішті әрекетті қатаң айыптауы керек», - деді Израиль президенті Ицхак Герцог мәлімдемесінде.

Бұған дейін Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Швецияда Құранды өртеу акциясы туралы айтқан болатын.

«Мен Швецияда Құрбан айттың бірінші күні қасиетті кітабымыз Құран Кәрімге қарсы жасалған осы зұлым әрекетті айыптаймын», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Швеция полициясы мұсылмандардың Құрбан айт мерекесінің бірінші күні, маусымның 28-і күні Стокгольмдегі мешіттің сыртында Құранды өртеуге рұқсат берген болатын.

Ақпан айында полиция Түркия мен Ирак елшіліктерінде Құран өртейтін екі іс-шара өткізу туралы өтініштерді лаңкестік әрекеттер қаупіне байланысты қабылдамады. Кейін Швеция соты бұл шешімді заңсыз деп атады.

Еске салайық, қаңтар айының соңында Данияның исламға қарсы «Страм Курс» («Қатаң курс») партиясының жетекшісі Расмус Палудан Стокгольмдегі Түркия елшілігінің алдында Құранды өртеп жіберген болатын. Осыдан кейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған былтыр мамырда НАТО-ға мүшелікке өтініш берген Швециядан бұл мәселеде Анкарадан қолдау күтпеуді сұрады.