Өзбекстанда саятшылық құрған БАӘ ханзадасы қызу талқыға түсті

Ulysmedia

Өзбекстан әлеуметтік желілерінде ел аумағында Дубай ханзадасының аң аулауына қатысты наразылық басылмай тұр. Өзбекстанның мемлекеттік экология комитеті желідегі қызу талқыға орай жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz uznews.us басылымына сілтеме бере отырып.

Фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желі қолданушылары Дубай ханзадасының Науаи аумағында аңға шығуына қатысты ақпаратты қызу талқылап жатыр.

Экология және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік комитет бұл ақпаратқа қатысты спорттық немесе әуесқойлық аңшылық кезінде БАӘ король отбасының өкілдері аңшылыққа үйретілген құстарын ұстаған және оны өздерімен бірге алып кететіндігі турасында ақпарат таратты.

Сондай-ақ, комитеттің мәліметінше, Бұқара мен Науаиде БАӘ король отбасы өкілдері қаржыландыратын арнайы орын бар. Бұл қорықтарда Қызыл кітапқа енген құстар өсіріледі. 2019 жылы Қызылқұмның жабайы табиғатына 2380-ге тарта, биыл 3540 дуадақ шығарылған. 2020 жылы БАӘ өкілдері жойылып кету қаупі төнген 64 сұңқар мен 12 бүркітті Өзбекстанға әкеліп, табиғатқа босатқан.

Экологтар жыл сайын Ғылым Академиясы ғылыми мақсатта жабайы табиғаттан белгілі бір шамада дуадақтар аулайтынын атап өтті. Мысалы, былтыр олар барлығы 357 дуадақ ұстаған, бұл Біріккен Араб Әмірліктері өкілдерінің Қызылқұм шөлінің жабайы табиғатына жіберген құстарының 10 пайызына да жетпейді.