Наурыз-шілде айлары аралығында белгісіз адамдар Шайқорық теміржол станциясындағы жылжымалы вагондардан алыс, жақын шетелдерге және Қазақстанның басқа өңірлеріне экспортталатын "Қазфосфат" ЖШС өндірген аммофос тыңайтқышын бірнеше рет ұрлаған, деп хабардайды Ulysmedia.kz.
ІІМ мәліметінше, келтірілген залал 80 миллион теңгеден асады.
ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
“Тараз станциясындағы жедел полиция бөлімі қызметкерлері "Қазфосфат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қауіпсіздік департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, 22-нен 23 шілдесіне қараған түні Шайқорық станциясында Газель екі автокөлігімеү вагондардан ұрлық жасау барысында облыстың 8 тұрғынынан тұратын қылмыстық топ ұсталды.
Олардан 5 тонна 700 келі аммофос, 2 көлік құралы және шаруашылық заттары тәркіленді. Ұсталғандар кінәсін мойындады”, – деп жазды ведомстводан.
Ұсталғандардың басқа қылмыстарға қатыстылығын анықтау үшін барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.