Талғарда екі бала құтқарылды

Ulysmedia

28 шілде күні сағат 18.45-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданының Амангелді ауылындағы әл-Фараби көшесінде бала дәретханаға құлап кеткені туралы мәлімет түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері дереу өрт сөндіру бөлімінен 8 шақырым қашықтықтағы оқиға орнына барған.

“Оқиға орнына келгеннен кейін 2020 жылы туған бала қазылған шұңқырға (дәретханаға) құлап, әкесі оны құтқару үшін арқанның көмегімен 2013 жылы туған қызын қазылған шұңқырға түсіргені, бірақ өз бетінше екі баланы көтеріп шығара алмағаны анықталды.

Алматы облысы ТЖД 3 қызметкері мен техникасы күшімен сағат 18.54-те балалар қазылған шұңқырдан көтеріп шығарылды”, – деп жазды ведомстводан.

Жедел медициналық жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетті.