Балқаш балалар ауруханасында құмырсқалар қаптап жүр

Ulysmedia

Балқаш балалар жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан науқас денсаулық сақтау мекемесінде құмырсқалар қаптап жүргенін айтып, шағымданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz «Вечерная Караганда» басылымына сілтеме жасап.

Ашық дереккөз

Әйелдің айтуынша, жәндіктер балаларға қауіп төндіріп, аурухананың барлық палатасында - төсекте, ыдыс-аяқта, тамақта жорғалап жүр.

Оның айтуынша, аурухана әкімшілігінен шағымдарға ешқандай жауап бермеген.

Құмырсқалар жұқпалы аурулардың тасымалдаушысы екенін айта кеткен жөн. Ал бұл жай ғана жұқпалы аурулар ауруханасында болып жатыр.