Қазақстанның экспорты төмендеді

Ғалиасқар Думан

Алты ай ішінде Қазақстанның экспорты 15%-ға төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

"2023 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанның экспорты 15,1%-ға төмендеп, 32,6 млрд долларды құрады", – деп жазады  Export.gov.kz official Telegram арнасы

Экспортталған негізгі тауарлар: шикі мұнай – $20,5 млрд (үлесі 63%), мыс және мыс катодтары – $1,6 млрд (4,8%), мыс кендері мен концентраттары – $1,4 млрд (4,2%), ферроқорытпалар – $1,2 млрд (3,6%), бидай – $1 млрд (3,2%), табиғи газ - $668 млн (2,1%), мұнай өнімдері – $598,1 млн (1,8%), уран – $506 млн (1,6%), күміс – $352,7 млн (1,1%), бидай немесе бидай-қара бидай ұны – $277,9 млн (0,85%).

Еліміз үшін жаңа нарықтарға жол ашылды. Мәселен, Камбоджаға 228,6 мың доллар тауары жеткізілді, Сирия, Парагвай және Лихтенштейнге сәйкесінше 196,4 мың, 48,1 мың және  22,2 мың доллардың өнімі экспортталды.

Сыртқы сауда айналымы 2023 жылғы қаңтар-маусымда  53,4 млрд долларды құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 4,4%-ға жоғары.