Кепілсіз тұтынушылық кредиттеудің өсуін шектеу және микроқаржы ұйымдары үшін халықтың шамадан тыс кредит алу тәуекелдерін азайту мақсатында қысқа мерзімді кепілсіз тұтынушылық микрокредиттерді тәуекел-саралау көрсеткіштері 200%-дан 500%-ға дейін көтерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, ломбардтарға меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін және левередж коэффициентін сақтау жөніндегі талаптар алып тасталды.
“Микроқаржы ұйымдарының ШОБ субъектілеріне кредит беруін ынталандыру үшін микроқаржы ұйымының меншікті капиталының жеткіліктілігін есептеу кезінде кәсіпкерлік мақсаттарға арналған кепілмен берілетін микрокредиттерді тәуекел-саралау көрсеткіштері 100%-дан 50%-ға дейін төмендетілді”, – делінген хабарламада.
Қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енді.
Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда халыққа несие беру шарттары өзгеретіні хабарланған.
Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, маусымда қазақстандықтар рекордтық сомада несие алған.