Қырғызстаннан Қазақстанға екі вагон темекі заңсыз кіргізілмек болған

Ғалиасқар Думан

Қырғыз Республикасынан құны 1,3 млрд теңгеден асатын екі вагон темекі өнімдерін жөнелтпе құжатсыз және ЕБМ-сіз әкелуге әрекеттену фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, акциздің бюджетке төленуі тиіс сомасы 585 млн теңгені құрайды.

“Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында бірқатар жедел-іздестіру шаралары, тиiстi сараптамалар жүргiзiлуде, оның нәтижелерi бойынша қылмыстық iс бойынша процестік шешiм қабылданады. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматы облысында 1,3 млрд теңгенің темекісі астыртын сатылмақ болған еді.