Сот олигарх Шадиевті түрмеден босатып жіберді

Ғалиасқар Думан

Алматы қалалық соты олигарх Орифжон Шадиевке қатысты үкімді өзгертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Естеріңізге сала кетейік, 21 шілдеде Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Орифжан Шадиевті Asia Credit Bank-ке 16,7 млрд теңге көлемінде залал келтіргені үшін 1,5 жылға бас бостандығынан айырған. Оның көмекшісі Михаил Соловьев бір жылға сотталды.

Апелляциялық саты екі сотталушының үкімін пробациялық бақылаумен бас бостандығын шектеуге өзгертті. Сот екеуін де қамаудан дереу босату туралы шешім шығарды.

Алайда Шадиев пен Соловьевке қаржы секторында басшылық лауазымдар атқаруға өмір бойына тыйым салынды.

Іс материалдарына сәйкес, 2019 жылы Шадиев Asia Credit Bank иесі Нұрбол сұлтанмен банк акцияларын сатып алу туралы келісім жасасты. Бірақ бұл үшін бес компанияның несиелерін өтеу қажет болды. Шадиев қарыз міндеттемелерін өз мойнына алды (16,7 млрд теңге) және акцияларды сатып алды. Қарыздардың орнына Алматыда жалпы құны 25 млрд теңгеден асатын жеті жер учаскесімен ұсынылды. Тергеу мәліметтері бойынша, 2021 жылы Шадиев пен Соловьев оларды нарықтық құны 46,8 млрд теңгені құрайтын бір учаскеге ауыстыру туралы шешім қабылдады.