Қазақстанда жұмыссыздар көбейді: үкімет мәселені қалай шешпек

Ғалиасқар Думан

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Tanda.enbek.kz порталында өңірлік мансап орталықтары ұйымдастыратын бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкелері өтетінін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Pinterest

“Онлайн-жәрмеңкелер барысында жұмыс берушілерге өздеріне қажетті мамандарды онлайн форматта табуға мүмкіндік беріледі. Әрбір жұмыс іздеп жүрген адам өзінің түйіндемесін жұмыс берушіге жіберіп қана қоймай, сонымен қатар онлайн-чат арқылы HR мамандарымен мәселелерді талқылап, бейне сұхбат арқылы сұхбаттаса алады”, – делінген хабарламада.

Жәрмеңкеге қатысу үшін жұмыс берушілер де, ізденушілер де Tanda.enbek.kz порталында тіркеуден өтуі қажет. Онлайн-жәрмеңкелер Қазақстанның барлық өңірлерінде өтеді. Толық ақпарат пен жәрмеңкелерді өткізу кестесі порталда жарияланған.

Еске салайық,  елімізде жұмыссыздық деңгейі 4,7% – жұмыссыздар саны 452,6 мың адам екені хабарланған.

Қазақстанда шілдеде жұмыс іздеушілер саны маусым айымен салыстырғанда 38,8 мыңға (+71%) өскен

Сондай-ақ, бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстандықтардың жан басына шаққандағы шынайы табысы күрт төмендеді.