Қазақстан Ресеймен шекарада 20 жаңа застава салып жатыр

Ғалиасқар Думан

ҰҚК Шекара қызметі шекара күзеті департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Ахметқалиев Қазақстан Ресеймен шекарада 20 жаңа шекара заставасын салып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

kazpravda.kz

Ол "Қауіпсіз ел" ұлттық жобасы аясында 50 застава салу жоспарланып отырғанын атап өтті.

"Қазір Ресей Федерациясымен тікелей шекарада солтүстік бағытта 20 шекара бөлімшесінің құрылысы жүріп жатыр. Оңтүстік шекараларда үш модульдік застава салынуда. Еліміздің оңтүстік-батысында соңғы бес жылда модульдік типтегі 15 шекара заставасы пайдалануға берілді", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Ахметқалиев Алматы облысы ПД экс-басшысы Серік Күдебаевтың елден қашуына Қазақстан жерінің кеңдігімен түсіндірген болатын.