Қостанай облысында 85 шетелдік заңсыз жұмыс істеген

Ulysmedia

Қостанай облысында 85 шетел азаматының көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Қостанай облысы ІІД көші-қон қызметінің бастығы Қайрат Дүтпаевтың айтуынша, шілде-тамыз айларында 34 Үндістан азаматы, сондай-ақ Пәкістан, Сирия және Непал елдерінен бір-бір азамат табылған. Олардың көпшілігінің елде заңды болу мерзімі өтіп кеткен.

Анықталған шетелдік азаматтардың ішінде Үндістан мен Пәкістаннан келген 23 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, елден шығару шаралары қабылданды. Оларға әкімшілік айыппұлдар салынды. Үй иелерінің біріне қатысты заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды. Шекарашылардың қатысуымен Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен Үндістанның тағы бір азаматы мен Непалдың үш азаматы сотқа дейінгі тергеуде.

Сонымен қатар, 17 тамызда облыстағы құрылыс нысандарының бірінде Өзбекстанның 42 заңсыз жұмыс істейтін азаматы анықталды.