Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді

Ulysmedia

19 тамызда СОМЭ сейсмикалық стансалар желісі Қазақстанда магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Жерасты дүмпулері, сейсмологтардың мәліметінше, таңғы сағат 9:00-де болған.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан батысқа қарай 551 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.8.
MPV магнитудасы - 4,7.
Тереңдігі – 15 км.
Жерасты дүмпулері Түлкібас ауданы мен Амангелді ауылында (2 балл) сезілді.

Еске салайық, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдағы барлық тұрғын үйлердің үштен бірі жер сілкінісі кезінде құлауы мүмкін екенін хабарлап, тұрғындар әкім Досаевқа көпқабатты үйлерден құтылуды ұсынған болатын.