Елордада Сығанақ көшесінің бойында Сауран көшесі мен Ақмешіт көшесінің қиылыстарында монолитті темірбетон балкаларын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Осыған байланысты, 25 тамыздан бастап Сығанақ көшесінің бойымен, Қабанбай батыр даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі (оңтүстік жағы) қозғалыс толығымен тоқтатылады және Сығанақ көшесінің бойымен Түркістан көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде (солтүстік жағы) қозғалысқа ішінара шектеу (екі жолақ) енгізіледі”, – деп мәлім етті CTS.
Шектеу мерзімі 30 қарашаға дейін.
Көрсетілген шектеулер бойынша осы учаскеде өтетін қоғамдық көлік қозғалысында өзгерістер болмайды.
«Қала тұрғындары мен көлік иелері жағдайға түсіністікпен қарауды және өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген CTS хабарламасында.
Айта кетейік, жуырда LRT құрылыс дирекциясының басшысы Серік Әйтімбетов Астанада LRT-ны іске қосылуы 2025 жылға шегерілгенін мәлімдеген.