Әрбір алтыншы қазақстандық қай салада жұмыс істейтіні белгілі болды

Ғалиасқар Думан

2023 жылдың II тоқсанында Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9,6 млн адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 6,9 млн адам жалдамалы қызметкер болса, 2,2 млн адам – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Салалар бойынша жұмыспен қамтылғандардың үлесі:

  • сауда – 16,6%
  • білім – 12,9%
  • өнеркәсіп – 12,3%
  • ауыл шаруашылығы – 12,2%
  • құрылыс – 7,1%
  • көлік және қойма – 7%
  • денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету – 6,2%
  • мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру – 5,8%
  • басқа да қызмет түрлері – 3,9%
  • кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 3,1%
  • әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету – 3%
  • тұру және тамақтану қызметтері – 2,4%
  • қаржы және сақтандыру қызметі – 2,2%
  • ақпарат және байланыс – 2%
  • жылжымайтын мүлік операциялары – 1,6%
  • өнер, ойын-сауық және демалыс – 1,5%

Өткен жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда жұмысшылар санының азаюы ауыл шаруашылығында байқалған – 19 мың адамға, жылжымайтын мүлік операциялары бойынша – 18,9 мың адамға, құрылыста – 9,5 мың адамға, өнеркәсіпте – 7 мың адамға, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету бойынша – 6,4 мың адамға, өнер және ойын-сауықта – 6,3 мың адамға. Қалған өзге салаларда қызметкерлер саны керісінше өскен.

Айта кетейік, бұдан бұрын елімізде жұмыссыздық деңгейі 4,7% – жұмыссыздар саны 452,6 мың адам екені хабарланған.

Қазақстанда шілдеде жұмыс іздеушілер саны маусым айымен салыстырғанда 38,8 мыңға (+71%) өскен

Сондай-ақ, бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстандықтардың жан басына шаққандағы шынайы табысы күрт төмендеді.