Вице-премьер Тамара Дүйсенова Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың улануына қатысты жүргізіліп жатқан тергеу нәтижелері қашан жарияланатынын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Қазір денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен әкімдік құрған комиссияның жұмысы аяқталуға жақын. 5 қыркүйекте тергеу нәтижелері жарияланады", - деді ол.
Еске салайық, 30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланғаны хабарланған. Уланған балалардың бірі бірден қайтыс болды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, балалардың улануына тамақтың қатысы жоқ.
Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл осы оқиғадан кейін елдегі 84 әлеуметтік мекеменің барлығы жіті тексерілетінін мәлім етті.
Сондай-ақ, Қарағандыда балалар уланған орталықтың 12 қызметкері жұмыстан шеттетілгені белгілі болды.
8 тамызда үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният балалардың улануына не себер болғанын айтты.
28 тамызда уланған балалардың тағы бірі көз жұмды. Дәрігерлердің сөзінше, тағы бес бала реанимацияда жатыр. Олардың жағдайы тұрақты ауыр.