2023 жылдың тамызында еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 52 874 теңгені құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.
Бюро мәліметінше, 2023 жылғы шілдемен салыстырғанда Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 6,9% - ға өсті.
Айта кетейік, бұдан бұрын елімізде 355 мыңнан астам бала кедейлік шегінде өмір сүріп жатқаны хабарланған.
Қазақстан инфляция деңгейі жөнінен ЕАЭО елдерінен алда тұр. Мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстанда бағаның жылдық өсуі 14,6 пайызды құрады. Ал Қырғызстанда небәрі 10,5 пайыз.
Жуырда депутат Мәди Тәкиев қазақстандықтардың жалақысының күнделікті қажеттіліктерінен артылмайтынын мәлімдеген.
Ал оның әріптесі Елнұр Бейсенбаев халықтың орташа табысы мен қымбатшылық жайлы ресми статистика шындыққа сай келмейтінін айтты.