Жамбыл облысының әкімі лауазымынан тағы кім үмітті болды

Ғалиасқар Думан

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Жамбыл облысының барлық деңгейдегі мәслихаты депутаттарының жиналысына қатысу үшін Тараз қаласына барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

“Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының өңір әкімі лауазымына Нұрбол Жүнісбеков және Ербол Қарашөкеевтің кандидатурасын қарауға ұсыну туралы хатын оқыды”, – делінген үкімет хабарламасында.

Ашық дауыс беру қорытындысына сәйкес 142 депутат Е.Қарашөкеевтің кандидатурасын қолдаған. 47 депутат Н.Жүнісбековті қолдап дауыс берді. Дауыс беруге барлығы 189 депутат қатысты.

Еске салайық, 2021 жылы 1 қыркүйектен бері ауыл шаруашылығы министрі болған Қарашөкеев 4 қыркүйекте қызметінен босатылды.

Ал бұған дейін Жамбыл облысын басқарған Нұржан Нұржігітов су ресурстары және ирригация министрі қызметіне тағайындалды.