"Бұл – саяси шешім": Жамаубаев үкіметтегі екі қызметін де сақтап қалуы жайлы

Ғалиасқар Думан

Вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кейбір үкімет мүшелерінің министр лауазымынан босатылып, вице-премьер қызметінде қалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ulysmedia.kz

«Бұл тұрғыда саяси шешім жасалды. Бұған дейін министрлікте де, жалпы үкіметтегі де жұмысын қатар алып жүрген әріптестеріме нақты бір бағытта жұмыс істеуіне мүмкіндік жасалып отыр. Өйткені, олар іссапармен көп жүреді. Мәселен, Серік Мақашұлы (Жұманғарин) көбіне іссапарда болады. Осы ретте ол министр ретінде өз саласына қарауға көп уақыт бөле алмайды. Сондықтан жақында болған өзгерістерді дұрыс деп санаймын», - деді Е. Жамаубаев.

Еске салайық, вице-премьер және сауда және интеграция министрі лауазымын қоса атқарған Серік Жұманғарин министр қызметінен босатылып, премьер-министрдің орынбасары болып қалды.

Бұған дейін екі қызметті қатар атқарған Тамара Дүйсенова да енді тек вице-премьерлік қызметті атқаратын болды.