Астанада бірнеше автобус бағыты өзгерді

Ulysmedia

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше автобус бағытының қозғалыс кестесіне уақытша өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Бұл өзгерістер No1А, 24, 24Н, 30, 29, 29А, 33 және 57 бағыттарына қатысты.

Елорда әкімдігі тұрғындар мен қонақтардан уақытша өзгерістерді ескере отырып, маршруттарын алдын-ала жоспарлауды сұрайды.

Суреттерден өзгерген трафик үлгісін көруге болады.