Алматыда Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайбергеннің соты басталды

Ғалиасқар Думан

Алматыда 14 қыркүйекте Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайберген ісі бойынша сот отырысы басталды. Іс бойынша 42 адамға қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты немесе ұйымдастырды деген айып тағылған. Ulysmedia.kz  бір жарым жылға созылған тергеу хронологиясын жүргізді және шулы деректерге толы болуы ықтимал отырысқа өз тілшісін жіберді.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Сот отырысы белгіленген мерзімнен 55 минуттан кейін басталды. Бұл процеске арнайы дайындалған залда орын жеткіліксіз болғандықтан, журналистер бөлек бөлмеге жіберілді. Процесті монитордан бақылаған БАҚ өкілдеріне дыбыс пен көріністің нашарлығынан мардымды ештеңе көріп, ести алмады.

Қайрат Құдайбергеннің анасы бес айда алғаш рет ұлын көргенін айтты, бірақ күзетшілер оның қолын ұстауға да рұқсат бермеді.

Бибігүл Кабдолдинаның айтуынша, тергеу барысында Құдайбергеннің отбасына оны қылмыстық қудалауға лудоманиямен күресі себеп болуы мүмкін деген ой келген.

- Қайрат әлеуметтік желілерде букмекерлік кеңселермен және электронды темекілермен күресуге шақырған бейнероликтер таратты. Оған бұл әрекетін тоқтату үшін миллион доллар ұсынылды. Тіпті ашық қорқытты: тоқтатпасаң, түрмеге жабамыз деді. Ол қайырымдылықпен имидж үшін айналысты деп айыпталды.

Оның айтуынша, тергеу жүргізілген бір жарым жыл ішінде отбасы Қайратты бірнеше мәрте ғана көрген.

- Жақында кездесуге рұқсат етілді. Алдымен әйнек арқылы сөйлестік, ол жерде ештеңе естілмейді. Қайраттың атасы қатты күйзеліске ұшырады, ол кездесуден кейін көп ұзамай инфарктан қайтыс болды.

Бірінші отырыста 42 айыпталушы мен жәбірленушінің сауалнамалық деректері ғана тыңдалды. Келесі отырыстың күні әлі белгісіз. Адвокаттар мен құқық қорғаушылар бұл процесс кем дегенде алты айға созылады деп болжап отыр.

Еске салайық, Қайрат Құдайберген өткен жылдың 22 сәуірінде ұсталды. 24 сәуір күні сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. Содан бері оны қамауда ұстау мерзімі үздіксіз ұзартылып келді.

Қайрат Құдайбергенге Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айып тағылған. Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты  порталымызға тергеу камерасынан жолдаған жазбаша жауабында қаңды қаңтар жайлы өз нұсқасын айтып берген еді.

Ал «Дикий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиев былтыр 7 қаңтарда ұсталған болатын.

Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арманның» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын мәлімдеді. Содан бері оны қамауда ұстау мерзімі сан мәрте ұзартылды.

Бұдан бұрын Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайбергеннің  адвокаттары мәлімдеме жасаған.