Ресей мен Қырғызстанға 90 мың литр жанармай заңсыз әкетілмек болған

Ғалиасқар Думан

Мемкірістер комитеті Қазақстанда жыл басынан мұнай өнімдерін заңсыз алып кетудің 799 фактісінің жолы кесілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

көрнекі фото

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан аумағынан тыс жерлерге алып кетуге тыйым салынған.

Мәселен жылдың басынан бері Еуразия экономикалық одағының кедендік шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде жалпы көлемі 54 700 литр мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің 187 фактісі анықталды, мемлекет бюджетіне жалпы сомасы 7,3 млн теңге айыппұл өндірілді.

Ресей Федерациясымен және Қырғыз Республикасымен мемлекеттік шекарада орналасқан автомобиль өткізу пунктерінде жалпы көлемі 89 942 литр мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің 612 фактісі анықталды.

Комитет «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» заң бойынша мұнай берушілер мен мұнай өнімдерін өндірушілер экспорт құқығына ие екенін, сондай-ақ экспорт көлемі Энергетика министрлігі бекітетін жеткізу жоспарына сәйкес келуі тиістігін (бензинді, авиация және дизель отынын) еске салды.

Қазақстан Республикасындағы Кеден кодексінің 150-бабына сәйкес декларант:

- тауарларды кедендік декларациялауды жүргізуге;

- кеден органына кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынуға;

- декларацияланатын тауарларды көрсетуге;

- кедендік төлемдерді төлеуге;

- кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтауға;

- өзге де талаптарды орындауға міндетті.

Декларант Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, кедендік декларацияда анық емес мәліметтерді мәлімдегені, сондай-ақ кеден өкіліне жарамсыз.

Оның ішінде қолдан жасалған және көрінеу анық емес (жалған) мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсынғаны үшін жауапты болады.