Назарбаевтың күйеубаласы тағы бір қызметке сайланды

Ulysmedia

Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаев ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Тимур Құлыбаев бұл қызметті 2015 жылдан бері атқарып келеді.

Айта кетейік, Тимур Құлыбаев 1966 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Республикалық физика-математика мектебінің түлегі. 1988 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Халық шаруашылығын жоспарлау» мамандығы бойынша бітірді. Біліктілігі – экономист. 

Жақында Құлыбаевтың компаниясына 1,6 млрд теңге айыппұл салынған болатын.