Буллингке ұшыраған: Астанада мектеп оқушысы 12-қабаттан секіріп кетті

Айнель Аянова

Оқиғаны қалалық полиция басқармасы растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Сағат екі шамасында «Триумф» тұрғын үйі кешенінің 12-ші қабатынан 14 жастағы бала секіріп кеткені жайлы дерек әлемжеліге тараған. Ондағы ақпарат бойынша, бала буллингке ұшыраған. 

Оқиғаны осыдан кейін полиция департаменті растады. 

20 қыркүйекте 102 нөміріне көпқабатты үйден ер адамның құлағаны жөнінде хабар түсті. Аталған фактіні тексеру барысында оның 14 жастағы бала екені анықталды. Қазір оқиғаның себебі анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады департамент.