Қазақстаннан ТМД елдеріне экспорт күрт өсті

Ulysmedia

ТМД елдерінің тауар айналымы 20,6 млрд долларға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia

Бұл туралы ТМД Экономикалық кеңесінің отырысы барысында белгілі болды.

Мәселен, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында ТМД елдерінің тауар айналымы 20,6 млрд долларды құраған. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (19,8 млрд доллар) 4,4%-ға көп.

Қазақстаннан ТМД елдеріне экспорт 2023 жылғы қаңтар-шілдеде 19,4%-ға өсіп, 9,2 млрд долларға жетті.

Тәуелсіз Елдер Достастығы елдері арасындағы интеграциялық байланыстарды тереңдету және көпқырлы ынтымақтастықты қолдау үшін тиімді алаң ретінде әрекет етуді жалғастырып жатқаны аталып өтті.

ТМД-дан Ресейге ең көп тауар жеткізуші қай мемлекет: мына жерден оқыңыз.