Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жаһандық инвесторлармен кездесу барысында теңгенің әлсіреу себептері туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сүлейменов Ұлттық банктің негізгі мақсаты – инфляциялық қысымды азайту екенін атап өтті.
Бұл ретте теңгенің айырбас бағамы еркін болып қалады, бұл ел экономикасына өзгерістерге тез бейімделуге мүмкіндік береді дейді Сүлейменов.
Ұлттық банк басшысы соңғы екі аптадағы теңге бағамының әлсіреуіне түсініктеме берді. Оның сөзінше бұған бірнеше факторлар әсер етті:
- АҚШ долларының жаһандық нығаюы;
- импорттаушылар тарапынан маусымдық сұраныстың артуы;
- базалық мөлшерлемені төмендету бойынша қабылданған шешім;
- квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді міндетті түрде сатуы жөніндегі норма.
"Мұның бәрі жиналып келіп теңге бағамының қысқа мерзімді әлсіреуіне алып келді. Іргелі факторлар тұрғысынан мұнай бағасының өсуі және төлем балансының жалпы жағдайы теңгені тұрақтандырушы әсер мен қолдауға ие болады", - деді ол.
Айта кетейік, бұдан бұрын төл валютамыздың тарихына көз жүгіртіп, Қазақстанда ақша-несие саясатына жауаптылардың қалай басшылық еткені жайлы жазғанбыз.