Қазнетті дүрліктірген видео: Имам мешітте баланы соққыға жыққан

Ulysmedia

Шелек ауылындағы (Алматы облысы) мешітте имам баланы соққыға жықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Алматы облысының прокуратурасы оқиғаға қатысты ашық ақпарат таратты.

«Бұл мәселе Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасына тапсырылды, біз жұмыстың нәтижесі туралы қосымша хабарлаймыз, сонымен бірге куәгерлердің бізге хат жазуын сұраймыз» делінген бақылаушы органның дерегінде.

Әлеуметтік желідегі бейнежазбаларда намаз кезінде 12 ересек ер адам мен үш кішкентай баланың болғаны көрсетілген.