Имам баланы ұрып құлатты: Алматы облысындағы оқиға немен аяқталды

Ulysmedia

Намаз кезінде баланы ұрып құлатқан имам жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Жиында «Хидаят» (Алматы облысы) мешітінің имамы өз қателігін мойындап, баланың ата-анасынан, сондай-ақ жұртшылықтан кешірім сұрады. Баланың заңды өкілдері имамның кешірімін қабылдап, екі жақ бітімге келді.

Оқиға туралы бүгін белгілі болды.

Әлеуметтік желідегі бейнежазбалардан намаз кезінде 12 ересек ер адам мен үш кішкентай баланың болғаны көрсетілген.