Имам баланы ұрып құлатты: полиция оқиғаға байланысты жауап берді

Ulysmedia

Алматы облысы Шелек ауылындағы мешіттердің бірінде болған оқиғаға полицейлер назар аударды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Намаз кезінде имам бөлмеде жүгіріп жүрген баланы қағып түсірген.

Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бауыржан Әленов айтты.

«Тексеру барысында бейнетаспаға түсірілген оқиға 2023 жылы 27 маусымда Шелек ауылында орналасқан мешітте болғаны анықталды, намаз кезінде 1978 жылы туған азамат Е. 3 жасар баланы оң қолымен қағып түсірген», – деді департамент бастығы.

Сондай-ақ оқиға кезінде баланың әкесінің болғаны және арыз беруден бас тартқаны, тараптардың бір-біріне ешқандай талаптары жоқ екені атап өтілді.