Қырғыз-тәжік өкілдері мемлекеттік шекараның 43,32 шақырымына қатысты келісімге келді

Ulysmedia

Қырғызстан мен Тәжікстанның арнайы топ өкілдері мемлекеттік шекараның 43,32 шақырымына қатысты келісімге келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Қол жеткізілген келісімге сәйкес, 2023 жылғы 3 қазан мен 8 қазан аралығында Қырғыз Республикасы Баткен облысының Баткен қаласында қос тараптың топографиялық жұмыс топтарының кезекті отырысы өтті. Онда қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау шаралары талқыланды.

“Топографиялық жұмыс топтары қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының 43,32 шақырымында келісімге келді.

Тараптар Тәжікстан Республикасының аумағында өтетін келесі кездесуде қалған бағыттарды келісу жұмысын жалғастырады”, деп жазды Қырғыз үкіметі.

Кездесу қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды. Кездесу достық пен өзара түсіністік жағдайында өтті.