Блогерді соққыға жыққан спортшы қалай жазаланғаны белгілі болды

Ғалиасқар Думан

Бұдан бұрын фитнес залында соққыға жығылғанын мәлімдеген белгілі блогер Әсел Асқар өзіне қол көтерген ер адамның қалай жазаланғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

әлеуметтік желіден

Желідегі сұрақ-жауап кезінде оқырмандары блогерден кәсіби спортшымен жанжалы қалай аяқталғанын сұрады.

“Ол қоғамдық жерде менің ар-намысыма тигені үшін заң алдында жауап берді. Содан соң ол кешірім сұрады және кешірімін қабылдадым. Мен де өз кезегімде кешірім сұрадым. Арамыздағы жанжал шешілді”, – деп жауап берді Әсел Асқар.

Еске салайық, жуырда блогер бейтаныс ер адам оны фитнес залында балағаттап, бетінен ұрғанын айтқан

Жаттығу кезінде Әселді мобилографы видеоға түсіріп жатқан, ал кәсіби спортшыға кадрға түсіп қалғаны ұнамай қалады. Жанжал содан туған.

Алматы полиция департаменті 1996 жылы туған азаматтың үстінен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлаған болатын.