Пара алған жоқ, жай ғана оқталды: астаналық экс-полицей жеңіл жазамен құтылды

Ғалиасқар Думан

Астанада экс-полицей алаяқтыққа оқталғаны үшін ірі көлемде айыппұл арқалады. Оған 2,25 млн теңге айыппұл салынды, атағынан айырылды және мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Елордалық ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұрынғы полиция қызметкері күдіктіге іздеу жарияламауға уәде беріп, бұл қызметі үшін шамамен 300 мың теңге талап еткен.

Күдікті заңды бұзбай, бірден сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінді. Полиция қызметкері ақша алу кезінде ұсталды.

Айта кету керек, тергеушілер қылмыстық істі "Алаяқтық" бабы бойынша емес, тек "Қылмысқа оқталу" бабы бойынша қараған. Сотта прокурор айыпты қолдап, айыппұл түрінде жаза тағайындауды сұрады. Дәл осындай шешімді жәбірленуші тарап та сұрады. Сонымен қатар, судья сотталушының өз әрекетіне шын жүректен өкінуін және кәмелетке толмаған үш баласы бар екенін ескерген.

Нәтижесінде сот 2 млн 250 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындады, сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан, сондай-ақ полиция капитаны атағынан айырылды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Павлодарда сотталған адамнан пара алған полицейге үкім шыққан. Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкіліне ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша айып тағылған. Яғни, лауазымды тұлға бола тұра өзінің қызметтік бабын пайдаланып, алаяқтық, жолымен бөтеннің мүлкін жымқырған.