SpaceX Қазақстан ауылдарындағы 2 мың мектепті интернетке қосып береді

Ғалиасқар Думан

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин SpaceX компаниясы жасақтаған Starline спутниктік жүйесі Қазақстандағы ауылдық мектептерді интернетке қосуға көмектесетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Мусин Илон Масктың орынбасары Лорен Дрейер компанияның Қазақстандағы 2000 ауылдық мектепті жаһандық желіге қосуға көмектесетінін растағанын атап өтті.

"Бұлай болғаны үшін кешіріңіздер, кейде біз өз проблемаларымызды өзіміз шеше аламыз деп сенгіміз келеді, бірақ SpaceX сияқты дамыған технологиялар бар кезде оларды пайдаланбау күнә. Өткен айда Лорен Дрейер президентпен кездесті, нәтижесінде біз 10 мектепті интернетке қостық және қазан айының соңына дейін тағы 2000 мектепті қосу жөнінде келісімшартқа қол қоямыз. Жарты жыл ішінде Қазақстанның барлық оқушылары цифрлық игіліктерді еркін пайдалана алады және интернетке қосыла алады", - деп сендірді министр.

Айта кетейік, бұдан бұрын әлеуметтік желілерде Түркістан облысында мұғалімдердің электронды журнал толтыру үшін интернет іздеп, дала кезіп жүргені бейнеленген сурет тарады.

Сурет Түркістан облысының Қазығұрт ауданына қарасты Аққұм ауылында түсірілген. Облыстық әкімдік мәліметінше, ауылда 432 адам тұрады. Ауыл тұрғындарына «Кселл» компаниясы ұялы байланыстың 2G және мобильді интернеттің 3G буыны бойынша қызмет көрсететіні хабарланды.

Желіде тараған суретке пікір білдірушілер еліміздегі ауылдардың көбінде интернетті пайдалану мұң екенін айтып, жұрт бейінді министрлік жұмысын сынға алды.

Елімізде интернет сапасына қатысты шағым көп. Шалғай ауылдарды айтпағанда Астананың өзінде интернет жылдамдығы көңіл көншітпейді дейді жергілікті тұрғындар. Ал шілдеде министр Мусин интернет жылдамдығы жағынан Астана Токионы басып озғанын мәлімдеген.

«Сіздер де Speedtest халықаралық рейтингіне сүйенсеңіздерші. Егер осы халықаралық рейтинг Астананың 35 позицияға көтерілгенін жазса, демек, біз 35 қаланы озып кеттік. Тіпті Токионы басып оздық. Сол рейтингті жасаған мен емес қой!?» - деген еді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол жуырда елорданың кейбір аудандарында интернет сапасының нашар болуы себебін түсіндірген.