Әлеуметтік желіде су тасқынынан зардап шеккендерге 100-200 мың теңгеден аударған шоу-бизнес өкілдері жұртшылық тарапынан сынға қалған болатын. Олар бір тойдың өзінен миллиондап табыс табатын әншілер неге қомақты ақша бөлмейді деген өкпесін айтқан еді. Бүгінде өнер саласының өкілдері бұл қылықтарына ақталып әлек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.