89 Нобель сыйлығының иегері шыққан, әлемнің ең озық оқу орындарының бірі Масачусетс технология институтының студенттері Александр Эдуард пен Ханна Парк Шығыс Қазақстан облысына уақытша қоныс тепті. Олар бір ай бойы Қатонқарағай ауданындағы Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектептің оқушыларына дәріс береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.