Денсаулыққа қасақана, ауырлығы орташа зиян келтіру – түрмеде отырған журналист Әйгерім Тілеужанға қылмыстық кодекстің 107-бабы бойынша жаңа айып тағылып отыр. "Алматы әуежайын басып алу" ісі үшін жазасын өтеп жатқан журналиске қатысты жаңа қылмыстық істің егжей-тегжейін адам құқығын қорғаушылар айтып берді. Ulysmedia.kz сол отырыста не айтылғанын тыңдап қайтты.