Жаңалықтар

«Басыңды жарып өлтіремін»: Алматыда 7 бірдей отбасы далада қалды
17.05 00:55 Жаңалықтар
Алматыда екі қабатты жатақхана отқа оранып, ішіндегі адамдар тірідей өртеніп кете жаздады. Түтінге тұншығып, қызыл жалынның құрсауында қалған тұрғындарды төтеншеліктер терезеден шығарып үлгеріпті. Баспанасы күлге айналған жеті отбасы енді қайда барарын білмей жүр. Өйткені жатақхананың иесі жұртты ағашпен қуалап, жалға алған бөлмелеріне кіргізбей отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  КТК телеарнасына сілтеме жасап.