Соңғы уақытта интернет бағасына қатысты қоғамда түрлі пікірлер айтылып жүр. Бір елде интернет арзан әрі жылдам болса, енді бірінде интернет сапасы төмен бірақ бағасы жоғары. Мысалы, әлеуметтік желі қолданушылардың бірі Өзбекстанда 40 ГБ интернет пакеті шамамен 65 000 сум (2 300–2 500 теңге) тұратынын, ал Қазақстанда 7 999–8 500 теңгеге небәрі 25–30 ГБ ғана ұсынылатынын атап өтеді. Осыдан келіп неліктен Қазақстандағы интернет тарифтері салыстырмалы түрде қымбат және пакеттер аз көлемде деген сұрақ туындайды. Экономист-сарапшы Ләззат Жанмолдаева себептерін түсіндірді.