Қазақстанның солтүстік-батысында жұмыс істейтін «Жайықмұнай» мұнай-газ компаниясы иесін ауыстырады. Nostrum Oil & Gas тобы Қазақстандағы активтерін кәсіпкер Кеңес Рақышевпен байланысты Altaris Holding Ltd компаниясына сатуға келісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.