Қоқыс жыры немесе Алматы әкімдігі әріптестік шартты неге бұзды

Ғалиасқар Думан

Алматыда қоқысты жинаумен, сұрыптаумен және шығарумен айналысатын компаниялардың ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті. Шешім әлі шығарылған жоқ, бірақ алматылықтардың бәрін толғандырған іс бойынша қорытынды жарыссөз өтетін күн белгіленді. Ulysmedia.kz тілшісі «қоқыс» ісінің егжей-тегжейіне тоқталды.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Жұмбақ талдау

Алматылықтардың көкейін мазалаған сұрақтың жауабы әлі белгісіз – қала тұрғындарының қоқыстары шығарыла ма, әлде мегаполис қалдықтар үйіндісіне айнала ма? Іс осы жылдың сәуір айында Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы Алматы қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы (қазір-Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы) мен құрамына "АҚ Тәртіп","Green Recycle" ЖШС және "Kaz Waste Conversion" ЖШС кіретін заңды тұлғалар консорциумы арасындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) шартын жарамсыз деп тануды талап етіп, сотқа арызданған кезде қозғаған кезде басталды. Арыз прокуратураның ұсынысы бойынша берілді. Ал прокуратура өз кезегінде "АҚ Тәртіп" ЖШС-ден монополист белгілерін анықтаған ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қорытындысы негізінде әрекет етті.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) – мемлекет пен кәсіпкер арасындағы ынтымақтастықтың бір түрі. Заң бойынша МЖӘ 5 жылдан 30 жылға дейінгі мерзімге жасалуы мүмкін. МЖӘ кезінде мемлекет жер/инженерлік және көлік коммуникацияларын, сондай-ақ мемлекеттің тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің белгілі бір көлемін тұтынуына кепілдік бере алады. Ал жеке серіктес жобаларды қаржыландырады, МЖӘ нысандарын құрады және пайдаланады, оларды басқарады.

Бірінші сатыдағы сот кәсіпкерлердің емес, талапкердің жағына шықты, сондықтан соңғысы апелляциялық сатыда өзінің дұрыстығын дәлелдеуге мәжбүр болды. Апелляциялық соттың өткен отырысы судьяның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінен соттың ешбір сатысында көрсетілмеген жұмбақ талдауды ұсынуды талап етуімен аяқталды.

Енді ұсынылған талдауға қарап, сотталушы тарап тағы кібіртіктеді: талдау толық емес, заңсыз және сенімсіз екенін айтты. Атап айтқанда, біріншіден, ол 2015 жылы Ұлттық экономика министрлігі мақұлдаған әдістеме бойынша жүргізілді, бірақ 2022 жылдың мамырында құжат күшін жойып, жаңа әдістеме пайда болды. Бірақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарламаны 2022 жылдың тамызында жіберген, талдауды жаңа заңға сәйкестендіруді қажет деп таппаса керек.

- Яғни, олар күшін жоғалтқан әдістемені басшылыққа алады. Бірақ біз 5, 10, 20 жыл бұрын болған заңдарға сәйкес өмір сүре алмаймыз, - дейді Green Recycle өкілі Қуаныш Нәметов.

Екіншіден, талдауда Алматыда ҚТҚ жинау және әкету нарығы орталықтандырылғаны айтылған, шындығында олай емес – 300 мыңнан асатын қаланың заңды тұлғалары орталықтандырылған жүйеге кірмейді. Үшіншіден, талдау "Алсеко" АҚ және "АЕО" ЖШС тұрғын үй-коммуналдық қызметтері үшін шот-түбіртектерді басып шығару, өңдеу және жеткізу қызметтерін жүзеге асыратын компаниялардың ақпараты негізінде жасалды. Қоқыс шығаратын компаниялардың тізілімі олардың емес, экология министрлігінің құзыретіне кіреді. Бұл – талдаудағы заңды және нақты қателіктердің бір бөлігі ғана. Бірақ ең таңданарлығы, агенттік МЖӘ шартын талдағаны туралы бір ауыз сөз жоқ. Бірақ агенттік талдауы негізінде жазылған хабарламада қандай да бір себептермен МЖӘ шарты заңнамаға қайшы келетіні көрсетілген.

Көріпкелге барудың қажеті жоқ

Сотта әкімдік өкілі кәсіпкерлердің талдау туралы тұжырымдарымен келіспейтінін, бірақ ештеңе түсіндірмеді. Есесіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілі Әсел Зиядинова айтқанынан қайтпады. Бірақ нақты не айтқысы келгені түсініксіз. Кәсіпкерлер немесе экология басқармасы қандай заңды бұзғаны туралы нақты айтылған жоқ. Бірақ осы сот процесі басталғалы алғаш рет жаңа дәлел пайда болды - 2016 жылы "Тәртіп" АҚ әкімдікпен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты, яғни МЖӘ шартына қол қойылғанға дейін бір жыл бұрын. Зиядинованың айтуынша, бұл "олармен МЖӘ шарты жасалатынын алдын-ала білгенін" көрсетеді. Бірақ "білді" деген нені білдіреді? Мүмкін, олар жоспарлаған шығар? Мүмкін. Бірақ дәл "Тәртіп" серіктес болатынына кепілдік болған жоқ және болуы мүмкін емес еді. Біз "білді-білмеді" деп болжап отыратын көріпкел емеспіз.

Бұл ретте Зиядинова МЖӘ жасасу кезінде қандай баптың және қандай заңның бұзылғанын көрсете алмады. Меморандум МЖӘ-ге кедергі келтірмейді. Судья Бауыржан Диханбаевтың «Компанияның МЖӘ-ге дайындала бастағанының несі жаман?» деген логикалық сұрағына тек түсініксіз түсініктеме айтылды. "АҚ Тәртіп" ЖШС Басқарма төрағасы Нұрлан Байтөреев қоқыс сұрыптау кешені бір күнде салынбайтынын, ал 90 қоқыс таситын көлікті сатып алу да жылдам әрі оңай міндет емес екенін айтты. Оның сөзінше, дайындық процесі 2-3 жылға созылады.

Таяқтың бәрі – бизнеске

Бір қызығы, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің экология басқармасының заң бұзушылықтарын қарастырғанымен, бірақ олардың заңгерлерінің барлық дәйектері кәсіпкерлерге бағытталған. Яғни, гипотетикалық тұрғыдан алғанда, заңды мемлекеттік органдар бұзады, ал зардап шегетін – кәсіпкерлер.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті сол кезде қайда қарағаны белгісіз. Нұрлан Байтөреевтің айтуынша, олар 2017 жылы ведомствоға жүгінген, олар "өздеріңіз шешіңіздер, бұл нарық реттелмейді"деген жауап алыпты.

- Менің ойымша, біз сот ісінің жалған, ойдан шығарылған "дәлелдерге" негізделгеніне тағы да көз жеткіздік. Себебі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті қазір МЖӘ процедурасы туралы айтады, бірақ заңға сәйкес олар оны талқылауға немесе тексеруге құқылы емес, бұл ұлттық экономика министрлігінің арнайы бөлімшесінің құзыретіне кіреді, - дейді Green Recycle өкілі Қуаныш Нәметов.

Қысқасы, отырыстан кейін сұрақтар көбеймесе, азайған жоқ. Сауалдарды мемлекеттік органдардың өкілдеріне тікелей қою мүмкін болмады, олар отырысқа онлайн қосылды. Олардан сұрағымыз келетін басты нәрсе: шенділер "АҚ Тәртіп" ЖШС компаниялар тобынан құтылғысы келсе, онда нарықта оған басқа балама бар ма? Басқа қоқыс сұрыптау кешені, ондаған қоқыс таситын көлік, қоқыс полигоны бар ма? Немесе бұл туралы әлі ешкім бас қатырған жоқ па? Егер бұл мәселелер шешілмеген болса, мүмкіндігінше тезірек шешу керек. Алматылықтар сағаттап кептелісте тұруға, ауаның ластығына шыдаса, қоқыстың қоламса иісіне де көнеді деген сөз емес.