Қазақстан тарихындағы ең атышулы сот процесі аяқтала келді. Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот тергеуі аяқталды. Алда – тараптардың дискуссиясы, сотталушының соңғы сөзі мен үкімі. Тек қазақстандықтар ғана емес, әлемнің түкпір-түкпіріндегі әлеуметтік желі қолданушылары Бишімбаевты өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етеді.
Зардап шеккен тараптың адвокаты Игорь Вранчевтің пікірінше, экс-министрге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы әбден лайық.
Бишімбаевқа қатысты қоғам пікірі сотта есептеле ме, жоқ па, оны дөп басып айту қиын. Алайда осыған дейінгі сот отырыстарында келтірілген дәлелдемелер экс-министрдің пайдасына шешілмейтін секілді. Соңғы 30 жылдан астам уақытта еліміздің сот жүйесінде өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар болды. Олар кімдер және не үшін осындай жазаға тартылды, мұны Ulysmedia.kz тілшісі анықтады.