Ертең, 23 қараша күні Шымбұлақ тау-шаңғы курортының техникалық ашылуы болады. Осыған орай тау курортының табиғи аумақтар аясына жауапты Shymbulak Outdoor жобасы “Таудағы қауіпсіздік: Қыс мезгілі” деген атаумен баспасөз жиынын өткізді. Оның барысында кәсіби құтқарушы мамандар тауға шыққанда нені қаперде ұстау керектігін, адасып кетудің кең таралған себептері, әуесқой тауға шығушылар жиі жіберетін қателіктер туралы айтып, тауға шығуды қауіпсіз етуге арналған шаралар жайлы түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.