Биылғы 3-4 шілде күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ақорда мәліметінше, жиында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың көптеген өзекті мәселесін қарастырады.
Іс-шараға бақылаушы елдер мен диалог бойынша серіктес мемлекеттердің басшылары қатысады деп жоспарланып отыр.