Путинді қолдайтын депутат Әбілдаев Ақ жол партиясынан шығарылды

Ulysmedia

Бүгін 2023 жылы 19 қаңтарда «Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Ұлттық кеңес:

1. А.Әбілдаевты «Ақ жол» демократиялық партиясынан шығару туралы шешім қабылдады.

2. «Ақ жол» демократиялық партиясынан шығарылғанына байланысты

 А.Әбілдаевтың депутаттық мандатын тоқтату туралы «Ақ жол» партиясы Орталық сайлау комиссиясына хат жолдады.

Еске сала кетсек, Путинді қолдаған Қазақстан депутаты өткір сынға қалған еді. Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев Азаттыққа сұхбаты кезінде Ресей-Украина соғысында Мәскеуді қолдайтынын айтты. Оның сөзі НАТО мен Украинаны айыптай сөйлейтін ресейшіл пропагандамен үндес шыққан. Депутаттың сұхбаты әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Ақ жол мүшелерін өткір сынап жатқандар бар.