Тоқаев елдегі маңызды нысандардың қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды

Сырым Қаржас
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі маңызды нысандардың қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ аймақ әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды. 

Аталған жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді.