Бақыт Есімова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Мемлекет басшысының өкімімен Бақыт Амангелдіқызы Есімова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.
Бақыт Есімова
Ол бұл бөлімде бұрыннан қызмет атқарып келген. 2022 жылғы мамырдан бері оның меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.
Бақыт Есімова 1984 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. 2006 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Санкт-Петербург мемлекеттік инженерлік-экономикалық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын Қазақстан жастар конгресінде бастаған. Кейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, сондай-ақ Ақмола облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар жүйесінде қызмет атқарған.
Әр жылдары Ақмола облысы әкімінің аппаратын және Астана қаласының ішкі саясат басқармасын басқарды. 2020-2022 жылдары Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Одан кейін Президент Әкімшілігіне жұмысқа ауысқан.