Қара теңіздегі дауылға байланысты КҚК арқылы мұнай тасымалдау тағы тоқтап қалды

Ulysmedia

Каспий құбыр консорциумындағы жағдай туралы үкімет кулуарында Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды 

фото: ашық дереккөзден

"Қара теңіздегі дауылды өздеріңіз көріп отырсыздар. Объективті түрде, ауа-райына байланысты қиындықтар бар, кеше жүк кемесіне не болғанын көрдіңіздер. Әрине, бұл жағдайда мұнай жөнелту мүмкін емес, бұл қауіпті. Синоптиктердің болжамы бойынша, бейсенбі күні сағат 16:00 шамасында ауа райы тұрақтанады, сол уақытты күтіп отырмыз. Дауыл басылса, танкерлер акваторияға кіре алады. Әзірге резервуарлық паркті толтырып жатырмыз, өндіріс тоқтаған жоқ", - деді министр.