Шымкент пен Жаңатастағы қылмыстар: Тоқаев екі полицейді марапаттады

Ulysmedia

Тоқаев Шымкент және Жаңатас қалаларындағы қылмыстық оқиғаларда батылдық танытқан полицейлерді марапаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды:

1) Әріпжанов Арман Талғатұлы, Ішкі істер министрлігінің Шымкент қаласы полиция департаменті «Тұран» ауданы полиция басқармасының жедел уәкілі.

2) Қоңысов Бекен Кеңесұлы, Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облысы полиция департаменті Сарысу ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі.

«Биыл 20 ақпанда Арман Әріпжанов өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, Шымкент қаласындағы қару-жарақ дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні құрықтады. Биыл 19 ақпанда Бекен Қоңысов Жамбыл облысы Жаңатас қаласында қарулы қылмыскерлердің қылмыстық әрекетінің жолын кесу кезінде батылдық пен ерлік танытты», - делінген Ақорда хабарламасында.

Еске салсақ, Шымкенттегі қару-жарақ дүкеніне Өзбекстан азаматы шабуыл жасаған. Одан кесілген аңшы мылтығы мен ұрланған шабуылшысы жоқ «Ақбөкен» карабині тәркіленген болатын.

Ал Жамбыл облысының Сарысу ауданында қару сақтаған күдікті полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай қарсылық көрсетіп, қашпақ болып, нәтижесінде көше бойында тұрған көлікті соққан болатын. Сол мезетте жүргізушінің алдыңғы есігін ашып, сыртқа шығармақ болған полиция қызметкерін көлігімен бірге жоғары жылдамдықпен сүйреп алып кеткен.