Елбасы кеңсесіне қаржы бөлуді тоқтату жөнінде ешбір акт қарауымызда жоқ – Әділет вице-министрі

Аян Өрібай

Бұл туралы Сенат кулуарында Әділет вице-министрі Алма Мұқанова айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Бюджетке түсетін өтінімдерге байланысты оны қаржыландыру азайтылған болатын. Әділет министрлігі өздігінен ешқандай заңнамалық акттерді әзірлеп жатқан да жоқ. Қазіргі таңда Әділет министрлігінің қарауына ешқандай құқықтық-акт жобалары түскен жоқ», - деді Алма Мұқанова.

«Қазіргі таңда қамтылудың толық тоқтату жөнінде жобалар түскен жоқ деп қана айта аламын» деп түйді сөзін ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесін ұстауға 2023 жылы бюджеттен 1,5 млрд теңгеге дейін қаржы бөлінгенін айтқан еді.